The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Түркістанда 5 қабатты 15 тұрғын үй пайдалануға беріледі

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында №11-ші көшенің бойындағы «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Тұрғын үй кешенінде жалпы 5 қабатты 24 үй тұрғызу жоспарланған. Биыл 5 қабатты 15 үйдің құрылысы аяқталып, 1314 пәтер кезекте тұрған азаматтарға пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Қалған 5 қабатты 9 үйдің құрылысы 2025 жылы аяқталады деп күтілуде. Онда 766 пәтер бар.

Аталған тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарының сапалы орындалуы, облыстық құрылыс басқармасының мамандары тарапынан қатаң бақылауға алынған. Мердігер мекемелер қатарында  «Корпорация Бастау» ЖШС, «ЕвроРемонтСервис» ЖШС, «Жаңа арна құрылыс» ЖШС, «Symkent Build» ЖШС, «PANA QURYLYS GROUP» ЖШС, «ОТАР ҚҰРЫЛЫС» ЖШС, «Integra construction KZ» ЖШС бар. Ал авторлық қадағалаушы – «Mataibekov Architects» ЖШС.

Айта кетейік, өңірде биыл жалпы 224 тұрғын үй (2 469 пәтер) құрылысы жүргізіліп жатыр. Олардың басым бөлігі – көпқабатты тұрғын үйлер.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында инфрақұрылыммен қамту бойынша биыл 160-тан астам жоба іске асырылады

admin

ТҮРКІСТАН: Сауран ауданында 2030 жылға дейін 151 инвестициялық жоба жүзеге асады

admin

Түркістан облысында 30 медициналық нысанның құрылысы қарқынды жүргізілуде

admin