The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Түркістанда үстел теннисінен ашық біріншілік өтті

Түркістан қаласы 2024 жылы – Түркі әлемінің туристік астанасы атанды. Осыған орай, рухани шаһарда «Жемқорлықсыз болашақ» ұранымен 2009-2015 жылғы жасөспірімдер арасында үстел теннисінен ашық біріншілік өтті.

Спорттық жарысқа Қызылорда, Шымкент, Жетісай, Сарыағаш, Түркістан, Кентау қалалары мен Созақ, Бәйдібек, Төлеби аудандарынан 300-ге жуық спортшылар келді.

Сайыстың ашылу салтанатына қатысқан қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Марат Әсілбаев пен «Түркістан қалалық №2  балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» директоры Әнуар Сәрсенбаев спортшыларға сәттілік тіледі. Ал жиында қонақ болған қаланың құрметті азаматы, бірінші дәрежелі үстел теннисінің жаттықтырушысы Оразбек Божбанбаев қатысушыларға өз тәжірибесімен бөлісіп, жетістікке жетудің қыр-сырымен бөлісті.

Аудан, қалалардан келген талатты спортшылар арасындағы сайыс 15 қыркүйекке дейін жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Шенген визасы 12% қымбаттады

admin

ТҮРКІСТАН: «БІР АУЫЛ – БІР ӨНІМ» жобасы аясында 4 кәсіпкердің өнімі үздік деп танылды

admin

Астанада 938 орындық жаңа жатақхана ашылды

admin