The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Түркістандық велоспортшылар талғарда өткен жарыста екі рет күміс жүлдегер атанды

Алматы облысы, Талғар қаласында 2008-2009 және 2010-2011 жылдары туған ұлдар мен қыздар арасында «Геннадий Сергеевич Третьяков атындағы сыйлық үшін» республикалық веложарыс өтті.

Түркістан облысының велоспортшылары аталған жарыста бой көрсетіп, нәтижесінде жүлделі орындарға ие болды.

13-14, 15-16 жас аралығында өткен жарыста Түркістан өңірінен Жаннэль Садыкова екі рет қатарынан күміс жүлдегер атанды. Ол

2008-2009 ж. қыздар арасында 50 км. қашықтықта 8 айналымда және критериум веложарысы бойынша 10 айналымда 2-орындарға ие болды. Жалпы, аталған жарысқа 8 өңірден 16 команда қатысқан болатын.

Айта кетейік, Түркістан облысының велоспорт федерациясы жасөспірімдерді аталған спорт үйірмесіне қабылдауды жалғастыруда. Шыңдалған спортшылар түрлі чемпионаттарға қатысып, өз мүмкіндіктерін көрсетіп, өңірдің абыройын арттыруға үлес қоса алады. Қатысу тегін. Толық ақпарат: @velosport_turkistan_oblysy

Ұқсас жаңалықтар

15 млн теңгесін жымқырған шетелдік ұсталды

admin

Алматыда кәсіпкерлерге қысым жасамақ болған қылмыстық топ ұсталды

admin

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толады

admin