The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Желіде АИВ жұқтырғандардың аты-жөні тарады: Полиция не дейді?

 Алматы қалалық полиция департаменті желіде тараған АИВ жұқтырған адамдардың аты-жөні таралу оқиғасына қатысты жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Аталған факт бойынша Алматы қалалық полиция департаменті тексеріс жүргізіп жатыр. Ақпараттың дәйектілігі мен объективтілігі анықталады. Соның нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес шара қабылданады, — делінген департаменттің хабарламасында.

Еске салайық, Алматы да АИВ инфекциясын жұқтырған адамдардың тізімі тарап кеткен. Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, Алматыдағы колледждердің бірінде болашақ медицина қызметкерлері АИВ инфекциясына шалдыққандардың тізімі бар құжаттарды таратқан. Олар ақпаратты практикалық дәрістер кезінде зертханадан алған.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі елдегі дәрі-дәрмек бағасының қымбаттауына қатысты жауап берген болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте прокуратура кәсіпкерге қатысты қылмыстық істі тоқтатты

admin

Елімізде еңбекті қорғау бойынша қандай шаралар қабылданды

admin

Түркістан: бір айда Әбу-Даби – Түркістан – Әбу-Даби бағытында 28 рейс орындалған

admin