The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықБілім

Ұлттық құндылықты ұлықтаған мектеп

Сарыағаш ауданының Нұрлы жол ауылында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бет бұрған мектеп бар. №50  Болатбек Омаров атындағы білім ұясында оқушылар ұлттық нақыштағы киімдерді күнделікті киюді әдетке айналдырған.  Бұл бастамаға мектеп ұстаздары да бірдей ат салысып келеді.  Білім ошағы  қазақ тілі мен әдебиеті, дене шынықтыру және еңбек пәндерінде ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерге басымдық беріп отыр.

Мұнан бөлек оқушылар үйірме сабағында ұлттық аспаптарды да жетік меңгеруде. Қос ішекті домбырамен күй шерткен шәкірттер ұлттық би түріне де үйреніп келеді. 

Сондай-ақ ұлттық спорт та кеңінен насихатталып,  асық ату, тоғызқұмалақ ойындары дене шынықтыру сабағында  үйретілуде. Тіпті қазақ күресінен жүлделі орындарды иеленіп, байрақты бәсекелерде аудан мерейін үстем еткен оқушылар да бар. 

Мектеп ұстаздары ұлттық құндылықтарды тек сабақ оқыту үдерісінде ғана емес, түрлі сайыстармен де дәріптеуде. Айталық, мектепте қыз бен жеңге, әке мен ұлдар арасындағы жарыстар жиі ұйымдастырылады. Осылайша оқушы бағбандары салт-дәстүрді жаңғыртып, ұлттық болмыстың ұмыт қалмауына мұрындық болып отыр.  

Мектеп басшысының айтуынша, мұндай бағыт мектеп оқушыларының рухани дамуына,  бойларындағы ұлттық төлтума болмысты қалыптастыруға сеп болуда.

Білім шаңырағының бастамаларына қазір Сарыағаш ауданындағы өзге мектептер қызығушылық танытып отыр. Бір ұжымның бұл небәрі үш айда жеткен жетістігі.

Ұқсас жаңалықтар

Жамбыл облысында ірі жел электр станциясының құрылысы басталады

admin

ТҮРКІСТАН: Сауран ауданындағы ауылдық мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізілді

admin

ТҮркістанда алғаш рет ұйқы артерияларына эндоваскулярлық стенттеу оталары жүргізілді

admin