The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықБілімҚоғам

Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың жеңімпаздары анықталды

Өскемен қаласында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы республикалық олимпиада аяқталды. Білім сайысының республикалық кезеңіне еліміздің әр өңірінен 200-ден астам дарынды оқушы қатысты.

Олимпиада екі айналымнан тұрды. Бірінші айналымда қатысушылар эссе жазса, екінші айналымда ауызша жауап беру арқылы білімдерін көрсетті. Қатысушылар қазақ тілін меңгеру деңгейі, қазақ әдебиетіндегі шығармаларды игеруі және Қанипа Бітібаеваның ғылыми-педагогикалық мұрасы мен публицистикалық еңбектерін игеруі жағынан білімдерін көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша 83 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанып, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен марапатталды. Оның ішінде I орын – 16 жеңімпаз, II орын – 23 жүлдегер, III орын – 44 оқушы. Сонымен қатар, 15 оқушы грамотамен марапатталды.

Дарынды оқушыларды қолдау мақсатында жоғары оқу орындарының екі білім гранты табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында сібір жарасының алдын алу үшін үй жануарларына 6,6 миллион дана екпе егіледі

admin

Түркістан облысындағы балабақшаларға воучерлік жүйе енгізіледі

admin

ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданында тағы бір демалыс аймағы ашылды

admin