The Dala Times ақпараттық сайты
Қоғам

Облыстық қоғамдық штаб мүшелері түсіндірме жұмысты жалғастыруда

 Облыстық қоғамдық штаб мүшесі, «Бітімгер» медиаторлар қоғамдық бірлестігінің басшысы Бақытжан Бейсембаев пен «Amanat» партиясы Түркістан қалалық филиалының атқарушы хатшысы Ғаппар Сәрсенбаев Түркістан темір жол станциясының ұжымымен жүздесті.

Спикерлер 5-маусымда өтетін республикалық референдумда қаралатын мәселе — Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жайлы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Яғни, Конституциялық реформалардың тұжырымдамалық негіздері мен ерекшеліктерін және аталған реформалардың негізгі бағыттары егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Қоғамдық штаб мүшелері жиынға қатысушыларды конституциялық реформаларды қолдауға және азаматтық белсенділік танытып, жалпыхалықтық референдумға біркісідей қатысуға шақырды.
Шойын жол қызметкерлері референдумды қолдайтындықтарын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: сенат депутаттары жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданында болды

admin

Қазақстанда әскери шеру болмайды

admin

2026 жылы зейнетақы жинағынан қанша теңге шығарып алуға болады?

admin