The Dala Times ақпараттық сайты
Қоғам

Теміржолшылар династиясы өз таңдауын жасады

Арыста атадан балаға, одан әрі немереге ұласқан кәсіпті киелі санайтын әулеттер бар. Бұл да болса, олардың өз кәсібіне деген адалдығы мен шексіз құрметі болар.

Арыс қаласында осындай теміржолшылар династиясының бірі – Жаңабаевтар әулеті. Бұл әулетте бір атадан тараған 7 ұл бар ғұмырын теміржол саласына арнаған.

«Біздің әулеттен 20 теміржолшы шыққан. Бүгін ұлымыз бен немереміз, келіндерім түгел Жаңабаевтар әулеті болып референдумға келіп өз таңдауымызды жасадық», – дейді өмірінің 46 жылын теміржолға арнаған Қазыбек Жаңабаев.

Жалпыхалықтық референдумға белсене атсалысу әрқайсысымыздың азаматтық борышымыз деген Жаңабаевтар әулеті Қазақ елінің болашағына тікелей әсер ететін өзгерістен шет қалмай өз таңдауларын жасады.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Сайрамда арнайы қызмет көліктеріне жол бермеген жүргізушілер жауапқа тартылды: «Еркін жол жүру» акциясы жалғасуда

admin

Түркістанда «қылует» рухани орталығының іргетасы қаланды

admin

Түркістан қаласында жасанды көлі бар саябақ ашылды

admin