The Dala Times ақпараттық сайты
Саясат

Мақтааралда референдум участкісіне әжелер шашу шашты

Мақтаарал ауданы, Алғабас ауылының әжелері референдум учаскесінде шашу шашты. Көп балалалы аналар елімізде өтіп жатқан бүкілхалықтық референдумның халық үшін зор қуаныш, үлкен той екенін атап өтті.

«Жаңа Қазақстанды құру жолындағы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамаларын ел болып қолдауымыз керек. Бала-шағамыздың, немере-шөберелеріміздің жарқын болашағына сенім артып дұрыс таңдау жасау үшін бүгін ауылдың әжелері болып учаскеге келдік» — деді ақ жаулықты әжелер.

Қазақтың салт-дәстүріне өте берік ауылдың әжелері өздерінен соң орта жастағы келіндері мен жас келіндері референдумға қатысуға келетіндерін айтты. Сонымен қатар, әжелер ақ баталарын беріп, ізгі тілектерін жеткізді.

Айта кетейік, Мақтаарал ауданында 59 референдум учаскесі таңнан бері жұмыс істеп тұр. Аудан аумағында республикалық референдумға қатысуға құқығы бар 70587 азамат тіркелген.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда 6 мыңға жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді

admin

Херсон және Запорожье облыстарында Ресейге қосылу жөніндегі «референдум» бір күнде өтуі мүмкін

admin

Қазақстан мен Иран бірқатар маңызды құжатқа қол қойды

admin