The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықҚоғам

Tiktok жұлдызына айналған Саран қаласының әкімі қызметінен кетті

Қарағанды облысына қарасты Саран қаласының әкімі Ержан Темірханов қызметінен кетті, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

«Сарандықтардың сүйіктісі» атанған әкімнің айтуынша, оның еңбек келісімшарты аяқталған. Қазір ол кадрлық резервте. Саран қаласы әкімінің міндетін уақытша атқару Алмас Сүлейменовке жүктелді.

Айта кетейік, Ержан Темірханов 2017 жылдың мамыр айында Саран қаласының әкімі болып тағайындалып, күні бүгінге дейін қала басшысы қызметін атқарып келді. Қазіргі таңда оның Tik Tok-та 1 миллион жазылушысы мен 1 миллионнан астам қаралымы бар. Ержан Темірханов ең алғашқы бейнеролигін 2021 жылдың қазан айында жариялаған.

Ұқсас жаңалықтар

Жамбыл: 125,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған

admin

2029 жылға дейін Қасқасуда заманауи шаңғы курорты іске қосылады

admin

ТҮРКІСТАН: Сайрамда тұрғындар көтерген мәселелер шешімін тауып келеді

admin