The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықҚоғам

Түркістандық жастар еңбек адамдарына жылулық сыйлады

Бүгін бір топ жастар еңбек адамдарына жылулық сыйлады. Киелі шаһардың тазалығына үлес қосып жүрген 100-ге жуық адамға тегін шәй мен ыстық нан таратты. Аталған іс-шараны Облыстық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған.

Орталық мамандары мен еріктілер қала көшелерінде, аялдамаларда және саябақтарда өткен шараға белсене қатысты. Осылайша тұрғындардың ақ батасын алып қайтты. «Волонтерлер үнемі келіп, көмектесіп тұрады. Қыз-жігіттерге алғысымызды білдіреміз. Мұндай аязды күндері бір шыны-аяқ шайдың өзі денеге де, жүрекке де жылу сыйлайды» деп қала тұрғыны өз тілегін жеткізді.

Айта кетейік, іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда, өскелең ұрпақ арасында мейірімділік, қамқорлық сезімін қалыптастыру, қайырымдылықты насихаттау, жастарды үлкенге құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Аяз уақытында қала тұрғындарына және қаланың көркеюіне өз үлестерін қосып, көше тазалығымен айналысып жүрген азаматтарға ыстық шәй ұсынып көңіл бөлу, қызметкерлердің жандарына жылу ұялату.

Ұқсас жаңалықтар

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру бойынша жобалық кеңсенің жұмысы басталды

admin

ТҮРКІСТАН: өңірдегі өзекті мәселелер талқыланды

admin

Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі 300 миллион теңгеге арзандады

admin