The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықҚоғам

Зеленский: Соғыс Украинаның сағын сындыра алмайды

Президент Владимир Зеленский Ресей басқыншылығына қарсы соғыста Украина «берілмейді» деп мәлімдеді. Соғыстың басталғанына тура 5 ай толғанда Зеленский Телеграмдағы парақшасында «бізге тиесілі жерді қорғаймыз. Біз жеңеміз» деп жазды.

«Соғыс Украинаның сағын сындыра алмады, сындырмайды да» деді президент. Зеленский сонымен бірге Украина Ресей күштеріне тойтарыс беріп, өзіне тиесілі аумақтарды азат ете алуы үшін халықаралық қауымдастықты Киевке әскери көмек беруге үндеді. Мәскеу «арнайы операция» деп атаған басқыншылық соғыс басталғалы бері мыңдаған украин азаматы қаза болды, миллиондаған адам үйлерін тастап, босып кетті.

Зеленский бес айға созылған соғысты сегіз жыл бұрын Мәскеу Қырымды аннексиялап, сепаратистерге дем берген кездегі шабуылдың жалғасы деп атады.

Ұқсас жаңалықтар

Екінші топ мүгедегі әрі балалар үйінің түлегі досы үшін пәтерінен айырылып қалған

admin

Кореялық инвесторлар Түркістанда «ақылды қала» жобаларын жүзеге асыруге ниетті

admin

Қазақстанда 3300-ден астам мәслихат депутаты бар

admin