The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықСаясат

Қазақстанда жол ережесін бұзғандарға айыппұл өсе ме?

ІІМ жүйелі түрде жол қозғалысы ережесін бұзатындарға қандай жаза қолданылатыны және бұл бағыттағы заңдардың қатаңдатылуына қатысты айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдеріне мәлімдеме жасады.

Соңғы жылдары біз жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін де, осы саладағы барлық әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін де жауапкершілікті күшейту бойынша көптеген өзгерістер енгіздік. Сондықтан қазіргі уақытта заңнамамызды жеткілікті деңгейде қатаңдаттық деп есептейміз, – деді ол.

Айтуынша, жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру үшін қабылданған шаралар жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тәртіпті күшейтуге бағытталған.

Еске салайық, бұған дейін министрлік елді мекендерде көлікпен жүру жылдамдығын төмендетуді ұсынды.

Ұқсас жаңалықтар

«Закон и порядок»: уроки цифровой грамотности организовали для столичных студентов

admin

Тоқаев Санкт-Петербург қаласына барды

admin

Ерлігі 80 жылдан соң анықталған батыр

admin