The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықСпорт

Бокстан Қазақстан қыздар командасы лицензиялық турнирге аттанды

Бокстан Италияда 29 ақпан пен 12 наурыз аралығында өтетін лицензиялық турнирге Шәміл Сафиуллин баптайтын бұрымды боксшыларымыз және өзге жаттықтырушылар алқасы Астанадан аттанып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР Бокс федерациясы мәлім еткендей, турнир алдында боксшыларымыз Италияның Ассизи қаласында бір апталық оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жаттығу жиынына Қазақстан құрамасынан бөлек, турнирге қатысатын 30-ға жуық команданың боксшылары дайындықтарын пысықтамақ.

Естеріңізге сала кетейік, аталған додада Париж Олимпиадасының жолдамасына қазақстан қыздарынан 50 келіде Алуа Балқыбекова, 54 келі салмақта Жайна Шекербекова, 60 келіде Римма Волосенко, 66 келіде Наталья Богданова және 75 келі салмақта Валентина Хальзова ел намысын қорғайды.

Жалпы аталған турнирде әйелдерде 21 жолдама сарапқа салынады.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Қазығұрттық кәсіпкер шағын цехта құрылыс материалдарын өндіріп отыр

admin

Түркістан облысында үшем дүниеге келді

admin

Алматылық ардагерлерге 2 млн теңгеден беріледі

admin