The Dala Times ақпараттық сайты
ДенсаулықСпорт

Түркістан: Созақта жабық футбол алаңы ашылды

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылында заманауи үлгідегі «Бәжібай ата» атындағы жабық футбол алаңы ашылды, деп хабарлайды adym.kz 

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылында заманауи үлгідегі «Бәжібай ата» атындағы жабық футбол алаңы ашылды. Кіші футболға арналған алаңды ауыл азаматы, кәсіпкер Нұрлыбек Қонақов өз қаржысына салды. Жасанды алаң, жабық ғимарат, кез-келген мезгілде доп тебуге ыңғайлы. Мұнда киім ауыстыратын және жуынатын бөлме бар.
Футбол алаңының ашылуына аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлері мен ауыл азаматтары, спортсүйер қауым қатысты. Ашылу салтанаты аясында аудандық турнир ұйымдастырылып, оған 20 команда қатысып, бақ сынасты. Жарыс жеңімпазы мен жүлдегер командаларға, үздік ойыншыларға демеушілер тарапынан құрмет көрсетілді.
«Бәжібай ата» атындағы жабық футбол алаңы аудан көлемінде түрлі жауапты жарыстар өтетін орынға айналады деген жоспар бар.

Ұқсас жаңалықтар

Родителям столичных школьников напомнили о мерах безопасности в период летних каникул

admin

Түркістан: Жетісайда жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

admin

Қазақстанда алғаш рет жасөспірімге жүрек трансплантациясы жасалды

admin