The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Кентау әкімі бір сәтте бірнеше қоғамдық ұйым мүшелерімен кездесті

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қалалық Ауған соғысы, Семей полигоны, Чернобыль ардагерлерімен және Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесті.

Кездесуде ардагерлер қаланың дамуы жолындағы ұсыныс – пікірлері мен тұрғындар тарапынан ұдайы көтеріліп жүрген бірқатар мәселелерді жолдады.

Одан бөлек, ардагерлердің ерліктерін кейінгі жастарға насихаттау мақсатында түрлі іс-шаралар өткізу барысын қол алуды, ардагерлер арасында егде жастағы спорт түрлерін дамытып, арнайы клубтар ашу жайы сөз болды.

Қала әкімі ардагерлердің еңбегі қала үшін құны жетпес ерлік екенін атап, алдағы игі бастамаларда бірге жұмыс атқарып, ақыл-кеңестері мен тәжірибелерін бөлісуге шақырды.

Қарияларда өз тараптарынан қала басшысының жұмысына сәттілік тілеп,  кенді қаланың жаңа бағытта өркендеу жолында аянбай тер төгуіне тілектес ниеттерін білдірді.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте кәсіпорын озық технологиялардың арқасында сапалы өнім шығаруда

admin

Түркістан облысында жас кәсіпкерлердің саны артуда

admin

Түркістан: Бәйдібек ауданында ғасыр жасаған қарияларға құрмет көрсетілді

admin