The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Спортшылар құрметке бөленген күн

Бүгін Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев спортшылар күні мерекесі қарсаңында сала қызметкерлері мен жас спортшыларды қабылдады. Қаламыздағы бұқаралық спортты, ұлттық спортты дамыту бағытында кешенді жоспар жасалып, тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді. Биылғы жылдың өзінде спортшыларымыз Қазақстан Республикасының ойындарында 56 алтын, 66 күміс, 78 қола, Әлем чемпионатында 8 алтын, 15 күміс,8 қола, Азия чемпионатында 1 алтын, 2 күміс, 5 қола медальға қол жеткiздi.

“Спорт – денсаулық кепілі десек, спорттағы жетістіктер – ел мерейін өсіретін, азаматтық намыс пен жігерін шыңдап, даңқын арттыратын тынымсыз еңбектің жемісі. Мұндай жеңістер қажырлы күшпен келеді. Осы үдеден шығып жүрген спортшыларымыз биік белестерді бағындыруда. Сіздерді алдағы уақытта да додаларда топ жарып, жеңіс тұғырынан көріне береді деп сенемін”-деді Ерлан Бақытжанұлы өз құттықтауында.

Жиын соңында спортшылар мен олардың жаттықтырушылары қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар

ҚҚС, жанармай, тарифтер: 2026 жылғы экономиканың негізгі көрсеткіштері анықталды

admin

Моңғолияда 10 қазақстандық университеттің қатысуымен білім көрмесі өтті

admin

Еліміздің қауіп сейілмеген өңірлерінде 20 мыңнан аса волонтер жұмыс істеп жатыр

admin