The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен онлайн форматта мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеге Төлеби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, ветеринариялық қызмет және адами әлеуетті дамыту бөлімінің жауапты мамандары қатысып, баяндама жасады. Сондай-ақ, аудан тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде кеңестер берді. Айта кетейік, онлайн форматтағы жәрмеңке алдағы уақытта тұрақты түрде өткізілетін болады.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Мамырда кімге қанша теңгеден төленеді

admin

Мұрат Әйтенов қалалық Әділет департаментінің басшысымен онлайн жиналыс өткізді

admin

Шымкентте түнгі клубқа келушінің бірі шұлығына есірткі жасырған

admin