The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Ұялы байланыс станциялары орнатылуда

Аудан әкімінің тұрғындармен кездесулерінде көтерілетін сұрақтардың бірі – интернет желісінің қолжетімсіздігі немесе жылдамдығының төмендігі. Қазіргі уақытта ауылдарға интернет жеткізу басты міндет болғандықтан, ағымдағы жылы 13 елді мекенде жаңадан базалық мачталық антенна қою, 4 елді мекенде жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланды. Жоспарға сәйкес осы аптада Бірінші Мамыр ауылдық округіне қарасты Бейнеткеш, Ынтымақ елді мекендерде «Beeline» ұялы байланыс операторының 4G базалық станциясы орнатылуда. Сонымен қатар «250+» жобасы аясында Бейнеткеш елді мекенінде «Kcell» ұялы байланыс операторының 4G базалық станциясы орнатылмақ. Жақын арада аталған ауылдар сапалы мобильді интернетпен қамтылатын болады.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: жастар қарттардың ауласын қардан тазалап, коммуналдық сала қызметкерлеріне ыстық тағам таратты

admin

Шардара: Жастармен еркін форматта кездесу өтті

admin

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі қаралды

admin