The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Кикбоксингтен Түркістан облысының чемпионаты өтті

кикбоксингтен 2007-2008 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Түркістан облысының чемпионаты жоғары деңгейде өтті. Заман талабына сай бой түзеген бұл спорт кешенінде жергілікті жастар спорт түрлерімен шұғылданып, түрлі жарыстар ұйымдастырылуда.

Жарыстың ашылу салтанатында Қасқасу ауылдық округынің әкімі Мейіржан Ермаханбетов жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Талантты жастар бас қосқан додаға арнайы келген Түркістан облыстық № 5 ОРБЖСМ балалар және жасөспірімдер мектебінің директоры Сейітжан Жанысбаев пен Төлеби аудандық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Әлібек Қатаев, сонымен бірге Төлеби аудандық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің кикбоксинг бөлімінің аға жаттықтырушысы Әли Қожамсүгіров те қатысты. Жергілікті жастар арасында спорт өнерінің дамуына ат салысып келе жатқан білікті аға бапкер Нұрбек Құрмашов өңірімізде кикбокстың қарқынды дамып жатқанына кеңінен тоқталды.

Сайысқа 10 команда, 110 жас кикбоксшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Қазір облысымызда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес спорт үйірмелері көптеп ашылуда. Бүгінде оған жүздеген жас тартылған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ 88-ТЕАТР МАУСЫМЫ АШЫЛАДЫ

admin

Полицейдің қызметтік көлігін «ұлы» айдап жүрген

admin

ҚАЛА ӘКІМІ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ

admin