The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістан облысының 9 дәрігері түркияға аттанады

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырды. Осы тапсырмаға сәйкес еліміз бойынша Түркияға медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлер бригадасын құру тобының құрамына Түркістан облысынан 9 дәрігер енгізілді. Тізімге алынған Түркістан облыстық клиникалық аурухананың білікті дәрігерлерінің қатарында терапевт, ортопед, нейрохирург, ангиохирург, хирург, невролог мамандары бар. Олардың барлығы түрік тілін еркін меңгерген. Тәжірибелі мамандардың еңбек өтілі – 3 жылдан 26 жылға дейін.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент қаласының ортопед-травматологтары 14 жастағы қызға күрделі ортопедиялық операция жасады

admin

Сенатор агроөнеркәсіп кешенін дамыту проблемаларын жария етті

admin

Жетісай ауданының әкімі Ынтымақ тұрғындарымен жүздесті

admin