The Dala Times ақпараттық сайты
Қоғам

Тұран ауданында аула ішілік аяқжолдар салынуда

Шымкент қаласы Тұран ауданында аула ішілік аяқжол салу жұмыстары басталды.

Қазіргі уақытта А.Байтұрсынов көшесі №59А, №94, Ғ.Орманов көшесі №40-42, Спорт шағын ауданындағы №18-23, №14 тұрғын үйлер, Қ.Рысқұлбеков көшесі №50А, О.Жандосов көшесі №2 көпқабатты тұрғын үй кешені аумақтарында құрылыс жұмыстары атқарылып жатыр.

Аяқжол салу жұмыстарын биылғы жылдың қыркүйек айының соңына дейін бітіру жоспарланған.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Шешенстанда жұмыссыз ерлерден әскерге бармау себебін түсіндіруді талап етіп жатыр

admin

Атырауда көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа ережелері енгізілуде

admin

Қазақстанда жанармай тапшылығы болмайды – Үкімет

admin