The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықҚоғам

ШҚО-да жоғалған әйелдің денесі өзен жағасынан табылды

Шығыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен әйелдің денесі өзен жағасынан табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 10 тамыз күні Шемонаиха қаласында 52 жастағы әйелдің жоғалып кеткені жайлы хабар түсті.

Ол таңғы сағат 7.17-де Калинина көшесіндегі үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған. Кейбіреулер полицияға оның Үбе өзеніне қарай бара жатқанын көргенін жеткізді.

Сол күні әйел адамның мәйіті Үбе өзенінің жағасынан табылды. Алайда оның нақты неден көз жұмғанын әлі белгісіз. Тиісті сараптамалар тағайындалған. Қалған ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес (Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) жария етілмейді, — делінген ақпаратта.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте тәрбие құрылымдарының офицерлері марапатталды

admin

Қазақстан үшін маңызды шешім: Қант, мыс, жеміс-жидек импортына баж алынбайды

admin

Түркістан облысында 432,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

admin