The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратҚоғам

Астанада екі жас құрылысшы 15-қабаттан құлап, мерт болды

Астанада үйдің қасбетін салып жатқан екі жұмысшы 15-қабаттан құлап мерт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Астана қаласында салынып жатқан жаңа тұрғын үй кешенінде қасбет қоюмен айналысқан екі жұмысшы 15-қабаттан құлап, қайтыс болды.

Қасбет қою жұмыстары барысында 20-қабатты «A-City» тұрғын үй кешенінде 1995 және 2003 жылғы екі жұмысшы биіктіктен құлап, оқиға орнында қаза болды, — делінген полиция хабарламасында.

ПД ақпаратына сәйкес құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан мен Таиланд іскерлік байланысты нығайтпақ

admin

Бірнеше облыстың жүргізушілеріне ескерту жасалды

admin

Түркістан: Арыста жастар ауылдың көркеюіне үлес қосып жатыр

admin