The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Кореяда сотталған екі қазақстандық елге қайтады

Оңтүстік Кореяда сотталған қазақстандықтар 1 млн теңге айыппұлды төледі. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айбек Смадияровтың айтуынша, отандастарымыз таяуда елге оралады.

Азаматтардың жазадан құтылуы сол жаққа барып солай істеуге болады дегенді білдірмейді. Олардың әрекеті бізден баратын студенттер мен туристерге кесірі тиеді, — деді Айбек Смадияров.

СІМ-нің ресми өкілі ел азаматтарына басқа мемлекетке барғанда сол елдің заңына бағынуға шақырды.

Еске сала кетейік, наурызда екі қазақстандық Оңтүстік Кореяға кіруге тыйым салынғанына қарамастан заңсыз аяқ басқан болатын.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Дархан Сатыбалды «ЧАНЪАНЬ» инвестициялық компаниялар тобы өкілдерімен кездесті

admin

ШЫМКЕНТ: Онкологиялық орталықта дәрігерлер тәжірибе алмасты

admin

ШЫМКЕНТ: Биылғы шомылу маусымында 423 бала жүзуді үйренді

admin