The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Мемлекет басшысы бірқатар тағайындау жасады

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды, деп хабаралайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен: Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Барлыбай Кәрімұлы Садықов Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды; 

Асқар Сауытбекұлы Әбдірахманов Париж қаласындағы (Француз Республикасы) Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының және басқа да халықаралық ұйымдардың жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гүлсара Мерейқызы Арыстанқұлова Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымынан босатылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда діни ұйымдардың қызметі реттелмек

admin

2022 жылы Келес ауданында үш мыңнан астам сәби дүние есігін ашты

admin

Тілге құрмет көрсету- жалпыға ортақ міндет

admin