The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Астанада жас қыздың кофесіне есірткі салған азамат ұсталды

Астанада екі жастың таныстығы спайкингпен аяқталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полицияға жас қыз арызданып, сырттай таныс адамның кофеге есірткі затын араластырып бергенін айтқан.

Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында қыздың әлеуметтік желі арқылы жігітпен танысқаны анықталды. Жастар виртуалды таныстықтарын кездесумен жалғаған. Кофе ішуге барған қыздың есінде ары қарай болған оқиға қалмаған.

Тәртіп сақшылары қаланың 33 жастағы тұрғынын ұстады. Тергеу жүргізіліп жатыр. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.

Бейтаныс адамдармен кездескенде достарыңыз немесе туыстарыңыз сіздің кіммен, қайда және қанша уақыт сонда болатыныңызды білетініне көз жеткізіңіз. Өзіңізге және жақындарыңызға сақ болыңыз, — делінген Polisia.kz ақпаратында.

Ұқсас жаңалықтар

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА ЗАҢСЫЗ 9 ДҮҢГІРШЕК СҮРІЛДІ

admin

ШЫМКЕНТ: Шағын және орта кәсіпкерлік 105,4%-ға артты

admin

Алматыда қалалық полиорталық жобаларын әзірлеуге арналған халықаралық байқау қорытындыланды

admin