The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Түркістан облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

18 тамыз күні түнгі сағат 23:30 шамасында Бәйдібек аудандық ПБ-нің 102 арнасына жол-көлік оқиғасы болғандығы туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық маңызы бар Шаян-Екпінді тас жолы бойында Nissan көлігі қарама қарсы жол бөлігіне шығып кетіп, өз жолымен келе жатқан Mercedes-Benz 200 автокөлігіне соқтығысқаны анықталды.

Mercedes өртеніп, ішінде болған үш жолаушы мен жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Тиісті сот-сараптамалары тағайындалды. Кінәлі жүргізуші УҰА қамауға алынды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Сауранда республика күніне орай 200 орындық «самғау» оңалту орталығы ашылды

admin

Бәйдібек тұрғындарын алаңдатқан мәселелер талқыланды

admin

Түркістан: Мақтааралдық шаруалар ерте пісетін көкөністер егу жұмыстарын бастап кетті

admin