The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Шахтадағы апат. Төртінші кеншінің денесі табылды

«Қазақстан» шахтасында төртінші кеншінің мәйіті табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төртінші кеншінің денесі табылды, Халиков Артур Ринатович, 1994 жылы туған, 4-разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 10 жыл. Марқұмның әріптестері мен компанияның бүкіл ұжымы мезгілсіз қаза болған жолдастың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 17 тамызда «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнының «Қазақстан» шахтасында конвейер таспасы өртенді. Шахтада 227 адам болған, 222 адам эвакуацияланды. Сегіз адам зардап шекті. Төтенше жағдай кезінде 5 жұмысшы жоғалып кеткен болатын. Кеше кешкісін бір адамның денесі табылып, кім екені анықталған болатын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан» шахтасында болған апаттың себептеріне жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар «Қазақстан» шахтасындағы өртке байланысты Шахтинск қаласының Полиция бөлімі ҚК 277-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сондай-ақ депутаттар Арселор Миттал басшылығын жауапқа тартуды талап еткен болатын.

Қазіргі уақытта 4 кеншінің денесі табылып, қалған 1 адамды іздестіру жалғасып жатыр. Сонымен қатар дәрігерлер ауруханаға түскен шахтерлердің жағдайы туралы айтқан болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Жетісуда суға батқан балықшылардың жағдайы не болды?

admin

Тоқаев Құрылыс министріне нақты тапсырмалар берді

admin

Алматыда жаңадан салынған тұрғын үй кешенін су басты

admin