The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Түркістан облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

18 тамыз күні түнгі сағат 23:30 шамасында Бәйдібек аудандық ПБ-нің 102 арнасына жол-көлік оқиғасы болғандығы туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық маңызы бар Шаян-Екпінді тас жолы бойында Nissan көлігі қарама қарсы жол бөлігіне шығып кетіп, өз жолымен келе жатқан Mercedes-Benz 200 автокөлігіне соқтығысқаны анықталды.

Mercedes өртеніп, ішінде болған үш жолаушы мен жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Тиісті сот-сараптамалары тағайындалды. Кінәлі жүргізуші УҰА қамауға алынды.

Ұқсас жаңалықтар

Нұралхан Көшеров Түркістан тұрғындарымен кездесіп, инфрақұрылымды дамыту жобалары туралы пікір алмасты

admin

Послания — это ориентированность всей государственной системы на простых граждан

admin

«Керуен Сарай» – туристерге құтты мекен

admin