The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Түркістан: жыл басынан 48 көше жөнделіп, 184 көше жарықтандырылды

  • Өткен жылғы көрсеткіштер бойынша Түркістан қаласында жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 333,6 шқ. (39,5 %) құраған болатын.
  • 2023 жылы аталған көрсеткіштерге едәуір өзгеріс енді.
  • Жыл басынан бергі орындалған жөндеу жұмыстарының нәтижесінде асфальт жолдың үлесі — 399,34 шқ (47,2%), тас жолдың үлесі- 445,6 шқ (52,8%) жеткен.
  • Көрсеткіштер бойынша, 48 көше орташа жөндеуден өтіп, Ә.Жангелдин, І.Қожабаев, Қазыбек би – О.Жарылқапов аралығындағы жол мен Қалаби көшесіне күрделі жөндеу жалғасуда.
  • Одан бөлек, Теміржол вокзалы және Түрік ауылы аумағында жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы басталды.
  • Сондай-ақ, тұрғындар жайлылығын қамту үшін биыл 43 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол салу жоспарланған болатын.
  • Қазіргі таңда, 38 көшеде жаяу жүргінші жолы салынды. Аталған жұмыстардың дені әлеуметтік нысандар орналасқан көшелерде жүзеге асты.
  • Жыл басынан бері, шаһарда 78 шақырымды құрайтын 79 көшеге тас төселді.
  • Қоғамдық көліктер қатынасы бойынша тұрғындар сұранысына сәйкес бірқатар бағыттарға өзгерістер енгізілді. Соңғы бес жылда облыс орталығына жалпы 134 жаңа автобус әкелінген.
  • Сиымдылығы жоғары жаңа автобустар №1, 1а, 2а, 6, 10, 14, 15, 17, 18, 20, 30, 5, 5а бағыттарында іске қосылып, қосымша №16 бағыт жұмысын бастады.
  • 2023 жылы шаһардағы жарықшаммен қамтылған көшелер үлесін 86 пайыздан асыру жоспарланып, биыл 184 көшеге жарықшам орнатылды.

Ұқсас жаңалықтар

Сарыағашта облыс әкімі соңғы мүмкіндік берген мердігер мектепті әлі жөндеп бітпеген

admin

Ұлттық банк басшысы «бөліп төлеу» құралының несие пайызы қалай жасыратынын айтты

admin

Қауіпсіздік ережелерін сақтау – адам өмірін сақтаудың басты кепілі

admin