The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Төбелес соңы кісі өліміне соқтырды

Шымкент қаласының тұрғыны көшеде төбелесіп, үйінде қайтыс болды. 1982 жылы туған ер адам төбелескен соң үйіне барып, өзін нашар сезінген, әйелі жедел жәрдем шақырған.

Шақыру бойынша келген жедел жәрдем оның қайтыс болғанын анықтады, деп хабарлайды «Шұғыл шақыру» бағдарламасының тілшісі.

Өліммен аяқталған төбелес 25 тамыз күні сағат 21:30 шамасында Тельман шағынауданында, Самал базарының маңында болған. Алдын ала болжам бойынша, төбелеске екі қатысушы болған.

Олардың алкогольдік масаң күйде болғаны белгісіз. Ер адамның неден қайтыс болғанын медициналық сараптама анықтайды.

Ұқсас жаңалықтар

Еліміздің су қоймаларындағы жағдай қандай

admin

ШЫМКЕНТ: Ауруды жеңіп шыққан қария дәрігерлерге алғысын жеткізді

admin

Түркістан облысында жыл басынан бері 500-ге жуық азаматқа әкімшілік хаттама түзілді

admin