The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықБілім

Жамбыл: желілік кампусты іске қосты

«Қос дипломды» білім беру бағдарламасы аясында Ресейде бір жыл білім алуға мүмкіндік алған жамбылдық жастар Мәскеу қаласына барды. Жаңа оқу жылынан бастап Дулати университеті, Менделеев университеті және «Қазфосфат» ЖШС бірлесіп, желілік кампусты іске қосты.

Желілік білім беру бағдарламасымен оқу үшін Менделеев университетіне барған М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 3-курс студенттерін ресейлік оқу орнының басшылығы жатақханаға тегін орналастырды. Студенттер жыл бойы «Бейорганикалық заттар технологиясы» білім беру бағдарламасының бейіндік пәндерінің циклін зерттейді.

Мәскеуге барған студенттер білім беру бағдарламасының арнайы пәндерін игеруі тиіс және РХТУ-дің химия зертханаларында тәжірибелік зерттеулер жүргізеді. Түпкі мақсат – Қазақстанның химия өнеркәсібі кәсіпорындары үшін жоғары білікті мамандарды даярлау.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Жетісайда бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде 121 адамға жолдама берілді

admin

1 триллион теңге резервте тұр – ҰЭМ түсіндірді

admin

Бас прокуратураның алқа отырысында маңызды мәселелер қаралды

admin