Экс-депутат Мәди Ахметов жаңа қызметке тағайындалатыны рас па?

0

Әлеуметтік желіде экс-депутат Мәди Ахметовтің Алматы облысы жастар саясаты басқармасы басшысы лауазымына тағайындалатыны туралы ақпарат тарады. Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі өкілдері бұл ақпаратты растамады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты болған Мәди Ахметовтің депуттатық мандат мерзімі биыл аяқталған еді. Желіде тараған ақпаратқа Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі өкілдері пікір білдірді. 

«Мәди Ахметов біздің облыста қандай да бір мемлекеттік қызмет атқармайды. Егер ондай тағайындау болса, алдымен хабарламаймыз», — деді баспасаөз қызметінің басшысы Жанна Арынбекова.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан тарихындағы ең жас депутат болған Мәди Ахметов қазір немен айналысып жүргені белгілі болған еді. 

«ГосАрхив» Telegram-арнасының мәліметінше, Мәди Ахметов ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясында білім алады. Желідегі ақпаратқа сәйкес, экс-депутат академияда ақылы негізде білім алады.


ПІКІР ЖАЗУ