The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Шымкент: жарық желілері жаңартылды

Бүгінде Абдулабад тұрғын алабында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвестициялық жобасы аясында екі жаңа трансформатор орнатылып, 320 абоненттің электр бағаналары мен желілері жаңартылуда. Осыған дейін Еңбекші ауданының әкімі Д.Есілбек пен Шымкент қалалық маслихатының депутаты Б.Аширбаевтың

Қаратөбе аумағының тұрғындарымен кездесуі барысында жарық жүйелерін қалпына келтіруге қатысты талап-тілектер айтылған.

Тұрғындардың шағымы ескеріліп, тиісті шаралар қабылданды. Сонымен қатар,Базарқақпа тұрғын алабында 3 дана,Тұрдыабад тұрғын алабында 1 дана, Бадам-1 тұрғын алабында 2 дана ескі трансформаторлар ауыстырылып, жаңадан орнатылды. Бұл өз кезегінде тұрғындарды сапалы электр жарығымен қамтамасыз етуге оң әсер етуде.

Халыққа қолайлы жағдай жасау басты міндеттердің бірі болып табылады. Алдағы уақыттарда бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жалғасын табатын болады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда 15 мыңнан астам жас колледжде тегін оқитын болды

admin

ТҮРКІСТАН: Төлебиде ғасыр жасаған қарияларға құрмет көрсетілді

admin

Түркістан облысында ішімдік тұтынудан бас тартқан тағы бір ауыл пайда болды

admin