The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықБілім

Шымкентте Палацк университетінен шақырылған ғалымдармен тәжірибе алмасу басталды

Ө.Жәнібеков атындағы ОҚМУ-де Чехия республикасының Палацк университетінен шақырылған ғалымдардың қатысуымен оқу тәжірибе алмасу шаралары басталды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап. 

Университетте жоғары білім беру мен ғылыми үдерісті интернационалдандыруды арттырудың негізгі индикаторларының бірі дәрістер оқу, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін жетекші шетелдік жоғары оқу орындарынан шетелдік профессорларды тартуға бағытталған. 

Европалық мамандар апта бойы «Ғылыми зерттеу әдістері және академиялық жазылым», «Инклюзивті білім беру концепциясы» тақырыптарында ғылыми семинар өткізіп, магистранттар мен докторанттармен, жас ғалымдармен пікірлесуді көздеп отыр. 

Сондай-ақ, кафедраның профессор-оқытушыларына Чехия білім беру жүйесіндегі инклюзивті білім берудің рөлі мен теориялық-әдіснамалық негіздері, заманауи тенденциялары мәселелерін талқылап, пікір алмаспақшы. 

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Шардаралық диқандар 370 гектар жерден күнбағыс өнімін алып жатыр

admin

Қазақстандықтарға қосымша үш күн демалыс беріледі

admin

2026 жылы жәрдемақы қанша теңгеге өседі

admin