The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Жамбыл облысында пияз жәрмеңкесі өтті

Жамбыл облысының өндірушілері елдің тұрақтандыру қорларына 8,8 мың тонна пияз жеткізетін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Таразда өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша өңірлік ӘКК мен фермерлер арасында тиісті уағдаластықтарға қол жеткізілді. Өнімдер маусымаралық кезеңде ішкі нарықты толықтыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ осы кезеңде пияз бағасын тұрақтандырады.

Айта кетейік, жәрмеңкеге ерте пісетін сұрыптардан кеш шығатын сұрыптарға дейін пияздың кең ассортиментін ұсынған 60 ауыл шаруашылығы өндірушісі қатысты.

Биыл Жамбыл облысында 24,4 мың га пияз егілді, фермерлер 800 мың тонна көкөніс жинауды жоспарлап отыр, бұл республиканың жыл сайынғы қажеттілігінен 2,5 есе көп.

Ұқсас жаңалықтар

Жамбыл: жаңа әкім ардагерлер кеңесінің төрағасын қабылдады

admin

Түркістан облысының әкімі Қытай делегациясымен кездесті

admin

47 ауланы су алған – тасқын оңтүстік өңірлерге де келді

admin