The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Түркістан: «1310» қызметі іске қосылды.

Түркістан қаласы әкімдігінде «1310» қызметі, яғни бірыңғай байланыс орталығы ресми 21 шілдеден бастап іске қосылды.

Қала тұрғындары тәулік бойы өздерінің мәселелерін онлайн түрде қоңырау соғып айтуға мүмкіндігі бар. Орталық коммуналдық, әлеуметтік және туристік бағыттарды қамти отырып, қаладағы 6 сектордың жұмыс сапасын бақылау, қадағалауды қамтамасыз етеді.

Бүгінге дейін орталыққа 3034 өтінім келіп түскен, оның 2996-на дер кезінде орындалды. Ал 35 өтінім бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Ең көп түсетін шағымдар жарық, су, жол салаларына қатысты. Өтінімдер қоңыраудан бөлек төменде көрсетілген әлеуметтік желілер арқылы қалдыра алады.

  1. Call центр 1310 қысқа номеріне хабарласу арқылы;
  2. Whatsapp +707 333 1310 нөміріне жазу арқылы;
  3. Instagram парақшасы turkistan1310;
  4. Facebook: Turkistan Bailanys Ortalygy

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Ауыл шаруашылығы өнімдерінің эскпорты ұлғайып келеді

admin

Елордадағы Арбатта Бірлік күніне арналған мерекелік концерт өтті

admin

ШЫМКЕНТ: Барлығы 413 654 адам вакцинацияланды

admin