The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Елордадағы Арбатта Бірлік күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай елордалық Арбатта қала тұрғындары мен қонақтарына арналған «Қазақстан – бірлік пен келісім мекені» атты концерт ұйымдастырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Мерекелік кешке балаларымен келген көптеген отбасы жиналды.

«Балаларыммен серуендеуге шыққан едік, бүгін ауа райы керемет болып тұр. Концерт болатынын естіген соң, осында қалып тыңдауды жөн көрдік. Мұндай сәттер ерекше көңіл күй сыйлайды», – деді қала тұрғыны Тамара Добрых.

Концерт шынайы достық пен ұлтаралық келісімнің символына айналды. Сахнада Қазақстанның мәдени әралуандығын танытқан шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. «Сарыарқа», «Әдемі дәуір», «Гауһартас», «Шұғыла» және «Элегант дэнс» би ансамбльдері ұлттық нақыштағы қойылымдарымен көрерменді тәнті етті. Ал «Замандастар» вокалдық тобы музыкалық көңіл күй сыйлап, ақын-композитор Нұрболат Бекетаев, халық әртісі Рауза Набиуллина және Ирина Чоның өнері кешке ерекше әсер мен жылулық сыйлады.

Кештің ерекше сәттерінің бірі «Кербез models» тобының сән көрсетілімі болды. 60 жастан асқан қатысушылар ұлттық киімдердің әсемдігі мен талғампаздығын паш етті. Бұл киімдер бұған дейін Париж, Дубай және Мәскеу подиумдарында таныстырылған.

Сонымен қатар «Гармония здоровья» тобы «Көктемгі фитмикс» композициясын ұсынып, кез келген жаста белсенді өмір салтын ұстанудың маңызын көрсетті. Кеш патриоттық әндермен және бейбітшілік, келісім мен бірлік туралы ізгі тілектермен қорытындыланды.

Іс-шара Сарыарқа ауданы әкімдігінің, Ардагерлер кеңесінің және аудандық Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.

Ұқсас жаңалықтар

«Сіздің жолаушыңыз – бала» акциясы!

admin

Шымкенттік бастауыш сынып оқушыларының шахматқа деген қызығушылығы артып келеді

admin

Сарыағашта «Жастарға жаңа мүмкіндіктер» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды

admin