The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Келес ауданында тәуелсіздік күні ерекше акция өтті

Келес ауданындағы №4 «Айгүл» балалар бақшасында 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ерекше акция өтті. «Бір сұрақ — бір мақал — бір бауырсақ» деп аталған акцияға мектепке дейінгі білім беру ұйымының ата-аналары мен қызметкерлері қатысты.

— Тарихы тереңге тартқан қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күресі және дархан даланың зиялылары туралы ата-аналар мен балабақша ұжымы арасында ынтымақтастық орната мақсатында ұйымдастырылған акцияда сұрақ-жауап жүргізілді. Осындай игі іс шаралар ұйымдастырылып отырса, Қазақ елінің тәуелсіздігін құрметтеу Отанға деген патриоттық сезімдер арта түседі деген сенімдеміз, — дейді  Гүлдана Отарина.

Айта кетейік, тәуелсіздік мерекесі Келес ауданында кең көлемде аталып өтуде. Мектепке дейінгі бөбекжай балабақшаларында паориоттық рух беретін түрлі ісшаралар ұйымдастырылса, Ошақты ауылында жаңадан 300 орындық білім ошағы пайдалануға берілді. Сонымен қатар, аудан орталығында этнос жастарының қатысуымен «Тurkistan Youth Talent»  және «Үздік шебер – 2023» атты облыстық ұлттық тағамдар және кәсіби шеберлік байқауы өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Бәйдібек: табиғи сипаттағы жағдайларды қалпына келтіру жұмыстарының барысы

admin

ШЫМКЕНТТЕ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША АКТИВ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

admin

Үкіметте оңтүстік өңірлердегі орта бизнестің жаңа жобаларын қолдау талқыланды

admin