The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықБілім

Шымкентте 3 мың оқушыға арналған озық үлгіде мектеп салынды

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Нұрсәт тұрғын алабында үш ауысымды мектеп мәселесін шешу мақсатында салынған жаңа мектептің жай-күйімен танысты.

Жеке инвестор есебінен салынған білім ошағы – 1 425 орындық, сыйымдылығы 3 000 оқушыға арналған. Жабық 2 спорт зал, 2 ашық алаң, 140 оқу кабинет және 480 орындық акт залы бар. Медициналық кабинет қамтылған. Асхана бір мезетте 500 баланы қамтамасыз ете алады. Ғимарат 3 қабаттан тұрады, ауданы 27234,1 шаршы метрді құрайды.

Заманауи үлгіде салынған мектептің сапасын бақылаған қала әкімі жоғары баға берді. Осы орайда жеке инвесторға қаланы дамытуда игі бастамасы бар әр кәсіпкерге қолдау болатынын жеткізді.

Айта кетейік, жаңадан бой көтерген Д.А.Қонаев атындағы жалпы орта мектебі Нұрсәт, Нұртас, Тассай, Мирас шағын аудандарының балаларын қамтиды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан мен Таиланд іскерлік байланысты нығайтпақ

admin

Түркістан облысында картоп экспортына қойылған шектеуге байланысты шекара бекеттерінде бақылау күшейтілді

admin

Түркістан облысында дауылды ескерту жарияланды: өңірде найзағай мен жоғары өрт қаупі күтіледі

admin