The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықСпорт

Астанада күрес түрлерінен ел чемпионаты өтеді

Астана қаласында 1-5 ақпан күндері ересектер арасында грек-рим, әйелдер және еркін күрестен ел біріншілігі ұйымдастырылады,деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Ұлттық біріншілікке еліміздің 17 облысы мен Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан келген спортшылар қатысады. Айтулы бәсекеде елордалық бозкілем шеберлері де бақ сынайды.

Аталған турнирден соң Бішкекте (Қырғызстан) өтетін Азия аймақтық, Ыстанбұлда (Түркия) өтетін әлемдік іріктеу турнирінде бақ сынайтын балуандар есімі белгілі болмақ.

Айта кетелік, ресми ақпарат бойынша, еркін күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков пен грек-рим күресінен команда мүшесі Нұрсұлтан Тұрсынов ел чемпионатынан босатылды. Екі балуан да Париж Олимпиадасына жолдама алғандықтан, олар мақсатты түрде дайындыққа кіріспек.

Күрес түрлерінен Қазақстан біріншілігі Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданындағы әлеуметтік нысандардың жай-күйі зерделенді

admin

Қарағанды автобустарында жолақы қымбаттады

admin

Семейдегі мұғалім оқиғасы: Директорлар сөгіс алып, білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылды

admin