The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Шымкент: президенттің көмекшісі Ерлан Жиенбаевтың төрағалығымен онлайн кеңес өтті

Мемлекет басшысының құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевтың төрағалығымен орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары аппарат басшыларының қатысуымен өткен онлайн кеңесте 2023 жылы өтініштер бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы талқыланды.

Сондай-ақ жиын барысында өтініштермен жұмыс бойынша мемлекеттік органдардың орындаушылық тәртіптері мен міндеттері туралы баяндалды.

Кеңес қорытысында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Жұмабекұлы және ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент бастығы Өркен Құрбанбайұлымен бірге онлайн жиында айтылған заң бұзушылықтарды болдырмау шаралары пысықталды.

Қалада өткен жылы жергілікті атқарушы органдарға 36 610 жолданым түсті. Оның 31 985-і ЖАО-мен қаралып, 4 299-ы уәкілеттілігі бойынша басқа органға жолданды. Жалпы жолданым ішінде арыз – 26 862, шағым – 1 796, ал хабарлама, үн қосу, ұсыныс, сұрау салу 7 952-ні құрады.

Ұқсас жаңалықтар

Тараз көшелеріне қазақша атау беріліп жатыр

admin

Келесте таңға дейінгі жұмыстар нәтижесінде тасқын судан келетін қауіп сейілді

admin

Шетелге көшкен қазақстандықтар зейнетақы жинағындағы ақшасын ала алады

admin