«Уақытша — тренд». Министр қолма-қол ақшаға көшкендер туралы айтты

0

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мобильді аударымдардан бас тартып, қолма-қол ақшаға көшкендерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Меніңше, бұл уақытша — тренд. Жай ғана кәсіпкерлер тарапынан жағдайды дұрыс түсінбегеннен болып отырған дүрлігу. Біз ашық жұмыс істегіміз келеді, мұнда кәсіпкерлердің өз елі үшін жасау керек деген ой-санасы маңызды, — дейді министр.

Қуантыров заңсыз жұмыс істеуге болмайтынын алға тартты.

Қазақстан — әлемдегі қаржылық технологиялар мен мобильді аударымдар тұрғысында ең цифрланған ел. Бізге АҚШ-тан, Еуропадан келген шетелдіктер цифрландыру деңгейін көріп, таңғалады. Сондықтан біз сол үрдісте қаламыз деп ойлаймын. Қазір бәрі бой үйретіп жатыр, — деп Әлібек Қуантыров үкімет отырысынан соң өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық экономика министрі су мен жарықтың бағасы тағы қымбаттайтынын айтқан еді. Сондай-ақ Әлібек Қуантыров теңгенің құнына қатысты сұраққа жауап берді. 


ПІКІР ЖАЗУ