The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықСаясат

Қытайда Қазақстанның мәдени орталығын ашу мәселесі талқыланды

 Мәдениет және ақпарат министрлігінде Қытайда Қазақстанның мәдени орталығын ашу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісінің мәдениет істері жөніндегі кеңесшісі Цзян Пэнмен кездесті. Кездесуде тараптар Бейжіңде қазақстандық мәдениет орталығын және Астанада қытайлық мәдениет орталығын ашу мәселелерін талқылады.

Күміс Сейітованың айтуынша, министрлік ҚХР-дағы орталықтың тұжырымдамасын әзірлеген. Орталық жұмысының негізгі қызметі музей ісі, кинематография мен мультипликация, орындаушылық және бейнелеу өнерін қамтиды деп жоспарланған. Сондай-ақ, кітапхана мен Қазақстан туризмі бұрышын да ашу көзделген.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ветеринария саласында кемшілікке жол бергендерге айыппұл салынды

admin

Түркістанда Бекзат Саттархановтың 45 жылдығына арналған турнир басталды

admin

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бір жылда 1,2%-ға қымбаттаған

admin