The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Елімізде желтоқсанда 179,4 мың автокөлік құралы есепке қойылды

 Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2023 жылғы желтоқсанда есепке 179,4 мың бірлік автокөлік құралдары қойылды1), бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 44,5% артты, оның ішінде автобустар 24,5%, жүк автомобильдері 38% және жеңіл автомобильдер санының тіркеуі 45,2% артты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Респубилкасында 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айында 1 191,3 мың автокөлік құралы тіркелді, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда оның саны 1,6 есе артты.

Мәселен, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 326,8 мың бірлікті құрады, оның ішінде 88% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 2,1% – автобустар.

2024 жыл басындағы Қазақстан автопаркінің көліктің шығарылған жылы бойынша көрінісі:

20 жылдан асқан – 2 459 мың автомобиль

10-нан 20 жылға дейін – 1 265,6 мың автомобиль

7-дан 10 жылға дейін – 680,7 мың автомобиль

3-тен 7 жылға дейін – 590,8 мың автомобиль

3 жылға дейін – 319,7 мың автомобиль

2023 жылдың 12 ай ішінде 15 886 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 22 097 адам зардап шеккен. 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда оқиғалар саны 7,1%, зардап шеккендер саны 2,5% өскен2.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекеттік қызметкерлермен семинар-тренинг өтті

admin

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

admin

Түркістан облысында өзбек компаниясының бес ірі өндіріс орны ашылады

admin