The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықСпорт

Түркістандық спортшы жүзуден Азия чемпионы атанды

Филлиппин мемлекетінің Нью-Кларк Сити қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр.  Айтулы додада ел қоржынына алтын медаль түсті. Оны ұлттық құрама сапындағы түркістандық спортшы Аделаида Пчелинцева жеңіп алды. Аделаида 100 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуде алдына жан салмады. Сөйтіп, Қазақстанның Әнұранын шырқатты. 

Жалпы жүзу бәсекесіне Азия құрлығының 35 елінен 800-ден астам спортшы 114 медаль жиынтығы бойынша сынға түсуде.

Бас бапкер Илья Гусаков бастаған Қазақстан құрамасы бағдарламаның 50 түрінен жиырма бір спортшыны алып барды. Олардың арасында алғаш рет Түркістан облысынан Софья Спаренко, Аделаида Пчелинцева және Дария Токтобаева өнер көрсетуде. Аталған спортшылардың бәрі – Денис Жарменов басқаратын Су спорты түрлерінен Түркістан облыстық спорт мектебінің өрендері.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 300-ден астам білім беру ұйымында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

admin

«ӘДЕБИ ФИНАЛ – 2024» облыстық қорытынды семинары өтті

admin

Шымкент: төтенше жағдайлар қызметкерлері оқу жаттығуын бастады

admin