The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Түркістанда ДЗЮДОДАН ел чемпионаты өтіп жатыр

Түркістанда дзюдо күресінен жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Ел біріншілігіне Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен 17 облыстан барлығы 820 жас татами шебері қатысуда.

Елішілік додада спортшылар 8 салмақ дәрежесінде белдесуде.

Жарыстың алғашқы күнінде Түркістан облысының қоржынына 2 алтын медаль түсті. Қыздар арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған  Сарыағаштың тумасы Сымбат Тағай мен ұлдар арасында 55 келіге дейінгі салмақта белдескен жерлесіміз Ернұр Батырғали алтын медальдің иесі атанып, мерейлері үстем болды.

Дзюдо бәсекесі 27 ақпанға дейін жалғасады. Қазақстан чемпионатының нәтижесінде үздіктер іріктеліп, Азия және әлем чемпионаттарында ел намысын қорғайды.

Ұқсас жаңалықтар

«Қайрат» VS «Реал»: Ойын қай күні өтетіні белгілі болды

admin

2028 жылға қарай өңірлердің республикалық бюджетке тәуелділігі қысқарады

admin

Руслан Берденов Шымкент әкімінің орынбасары қызметінен кетті

admin