The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Әкімдік жалған жұмыс орындарын желеу етіп, 24 млн теңгені жымқырған

 Түркістан облысының прокурорлары халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражатын жымқырылғанын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түркістан облысының прокуратурасы Жетісай ауданы Атамекен ауылы әкімдігі мен жұмыспен қамту орталығында 24 млн теңгеден астам жымқыру схемасын анықтады.

Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері адамдарды қоғамдық, оның ішінде жастар практикасы шеңберінде жалған жұмыстарға тартып отырған.

Жұмыссыз мәртебесін алған 30-дан астам адам іс жүзінде қандай да бір қоғамдық жұмыстарды орындамаған және бұл туралы білмеген. Лауазымды тұлғалар жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтарды заңсыз шығарған және ай сайынғы жалақыларын «Қазпошта» АҚ мен банктердегі шоттарына аударып, кейіннен басқа тұлғалармен қолма-қол ақшаға айналдырған. Орталық пен әкімдік қызметкерлері өздерінің туыстары мен таныстарын құжат рәсімдеу арқылы қоғамдық жұмыстарға тартқан, — делінген Түркістан облыстық прокуратурасы хабарламасында.

Облыс прокуратурасы материалдарды ақпаратты есепке алу кітабында тіркеді және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру үшін аумақтық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Құндылықтарды сақтау — ауылдан басталады

admin

Үкімет: Қазақстанда кадр даярлауға тапсырыс көлемі жыл сайын артып келеді

admin

Шымкент: жоғалған 6 бала табылды

admin