Су тасқыны. Шетелдік компания «Қазақстан халқына» қорына 50 000 еуро аударды
Svevind Energy Group компаниясының бас директоры Вольфганг Кропп еліміздегі су тасқынына қатысты күрделі ахуалға байланысты қазақстандықтарға үндеу жолдап, «Қазақстан халқына» қорына 50 000 еуро көлемінде ақшалай қаражат аударатынын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ол Қазақстанмен тығыз байланысы бар компания ретінде осы жағдайда бей-жай қарамай, қол ұшын созғысы келетінін айтты. Айтуынша, топан судың зардабын олар да тартып жатыр.
Ассалаумағалейкум Қазақ елі! Құрметті қазақстандықтар! Қазіргі уақытта батыс және солтүстік өңірлерінде бұрын-соңды болмаған масштабтағы су тасқыны орын алуда. Соңғы бірнеше күн ішінде Жайық өзенінің су деңгейі бірнеше метрге көтерілді. Бұл жергілікті тұрғындарға ауыр азап әкелуде. Қазақстанмен тығыз байланысы бар компания ретінде біз осы жағдайда бей-жай қарамай, қол ұшымызды созғымыз келді. Өкінішке қарай, су тасқынының зияны мен салдары біздің басымыздан да өтті. Сондықтан, мен, Hyrasia One жобасын әзірлеуші ретінде, Svevind Energy Group компаниялар тобы «Қазақстан халқына» Қорына 50 000 еуро көлемінде тікелей қайырымдылық аударым жасайды деп шештім, — деді Вольфганг Кропп.
Svevind Energy Group компаниясының бас директоры атап өткендей, олар Атырау облысында зардап шеккендерге басқа да шұғыл қажетті тауарлар мен жабдықтарды сатып алып жібереді.
Бұдан басқа, біздің Маңғыстау облысындағы қызметкерлер Атырау облысында зардап шеккендерге тікелей және жедел көмек көрсету үшін басқа да шұғыл қажетті тауарлар мен жабдықтарды сатып алып жібереді. Аталған қолдауымыз өңірде болып жатқан жағдайға оң әсер етеді деп шын жүрекпен үміттенеміз. Біздің ойларымыз бен дұғаларымыз сіздермен бірге бірге, — деп тілектестігін білдірді ол.